Жапонияда белгісіз ер адам бес тұрғынға пышақ жарақатын салды

Жапонияның оңтүстік-батысындағы Кюсю аралындағы Фукуока қаласында ер адам пышақпен шабуылдап, бес адамды жарақаттады.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, оқиға сейсенбі күні таңертең Фукуока қаласының Хаката ауданындағы муниципалды тұрғын үй ғимаратында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, бес адам зардап шеккен. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Шабуылдаушының не себепті мұндай әрекетке барғаны әлі анықталған жоқ.