Грекияда ұшақ тұрғын үйдің ауласына құлады

Грекияда бір моторлы ұшақ оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Ол тұрғын үйдің ауласына құлап, бірден өртеніп кеткен. Борттағы екі адам да қаза  тапты. Ал ұшақ құлаған тұрғын үй аумағында ешкім зардап шеккен жоқ.