Ауғанстанда «Талибан» ұйымы жеті аймақты басып алды

Ауғанстанда Талибан радикалды ұйымы бір күннің ішінде 7 аймақты басып алды. Енді террорлық топтың бақылауындағы жер көлемі Үкімет билігінің қарамағындағы аймақтан артып кетті.

Сарапшылардың айтуынша, ауған жерінің 107 ауданы тәліптердің бақылауында. Ал жергілікті билік 95 ауданға ие болып отыр. Айта кетейік, Ауғанстанда  қарулы топтардың Үкімет әскерімен арадағы қақтығыстарынан аймақтағы саяси ахуал 2001 жылдан бері тұрақталмай келеді. Жуырда ел президенті Ашраф Гани ішкі істер және қорғаныс министрін ауыстырды.

Сондай-ақ...