Германияда қоқыстан XVII ғасырға тиесілі құнды картиналар табылды

Германияның Оренбах қаласында қоқыс жәшігінен картиналар тауып алған 64 жастағы ер адам оқиға орнына полицейлерді шақырады, деп хабарлайды «Хабар 24» wi-fi.ru сілтеме жасап.

Сараптамалық талдау бұлардың XVII ғасырға жататын түпнұсқа туындылар екенін анықтайды. Картиналардың бірін Рембрандттың шәкірті – нидерландтық суретші Самуэль ван Хогстратен салуы мүмкін. Суретте баланың портреті бейнеленген. Сарапшылар екінші шығарманың авторы Пьетро Беллоти деп топшылады. Ол өзінің автопортретін маймен салған.

Қазір мамандар табылған шедеврлердің құнын анықтап жатыр. Осыдан кейін олардың алдағы тағдырлары белгілі болады.