Еуроодақ елдері Беларуське кезекті санкция салу туралы келісті

Еуроодақтың 27 елінің сыртқы істер министрлері Беларуське қарсы кезекті санкция салуға келісіп, бірден бірнеше салаға экономикалық шектеу қабылдауды  уағдаласты.

Бұл туралы Люксембургте өткен баспасөз конференциясында Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Баррель хабарлады. Құжатта Бельгиядан Еуроодаққа экспортталатын калий тыңайтқыштары, темекі және мұнай-химия тауарларына, сонымен қатар қаржы секторына қатысты бірқатар шектеулер қарастырылған.

Жозеп Боррель, ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі:

- Бүгін біз Беларуське қатысты ең үлкен санкция пакетіне қол қойдық. Шектеулер 86 жеке және заңды тұлғаға қатысты. Әсіресе бортында Роман Протасевич отырған ұшаққа қатысы бар адамдар шектеулерге ілікті. Бұл шешімді Канада, Ұлыбритания, және Құрама Штаттарының билігі мақұлдады.  Брюссельде өтетін Еуроодақтың саммитінен кейін қабылданатын экономикалық санкциялар да кеңінен талқыланды.