Әлемдегі кедей елдерде коронавируске қарсы вакцина таусылды

Әлемнің кедей елдерінде коронавирусқа қарсы вакцина таусылды.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады.

Ұйымның мәліметіне сәйкес, халықаралық Ковакс бағдарламасының арқасында жаһанның 131 еліне 90 млн доза екпе жеткізілген. Десе де, сарапшылар бұқараны вирустан қорғау үшін бұл көрсеткіш  жеткіліксіз екенін алға тартады.

Айта кетейік, вакцина тапшылығы әсіресе Африка елдерінде туындап отыр. Мәселен, аймақта аурудың үшінші толқыны белең алуда.

Сондай-ақ...