Артритпен ауыратын пингвинге арнайы аяқ киім тігілді (фото)

Энрике атты пингвин 2016 жылдан бастап АҚШ-тағы Сент-Луис хайуанаттар бағында тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24» moya-planeta.ru сілтеме жасап.

30 жастағы пингвин стандарт бойынша кәрі саналады. Энрике пингвиндердің өмір сүру ұзақтығын 10 жылдан асырған. 

Оған арналған аяқ киімді Thera-Paw компаниясы тікті.

Бұл иттерге аяқ киім шығаратын компания. Күндіз Энрике жаңа етікпен жүрсе, түнде хайуанаттар бағының қызметкерлері құстың аяқтары демалу үшін оны шешіп қояды.

Бұған дейін Энрикенің табандары жақпа маймен жағылатын. Алайда ол суда жүзгеннен кейін май жуылып кете берген. Қазір ол еркін жүре алады.

«Ол бұрынғыдан да көп жүзеді, тастарға да жоғары көтеріледі. Менің ойымша, ол етікке қарсы емес», – деді хайуанаттар бағының директоры Джимми Джонсон.