Үнді штамының қандай белгілері бар

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, коронавирустың үндістандық «дельта» деп аталатын штамы әлемнің 90-нан астам елінде анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таяуда 74 мемлекетте таралды деп хабарланған болатын.

Естеріңізге салайық, вирустың бұл түрі өзгелерге қарағанда 60 процентке тез жұғады. Халықаралық сарапшылар кеселдің кең етек жаюына алаңдаушылық білдіріп отыр. Дәрігерлер аурудың белгілері тұмауға ұқсас екенін айтады.  Десе де, әдеттегі тұмауға ұқсамайтын 4 симптомы бар дейді мамандар. Атап айтқанда, науқаста іш өту, есту қабілетінің нашарлауы, асқазан ауруы мен қанның ұюы сияқты белгілер пайда болуы мүмкін.