424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Covid-19: Грузияда бетперде кию міндет емес

  • 189
  • UPD: 21:33, 22.06.2021
Covid-19: Грузияда бетперде кию міндет емес

Грузияда бүгіннен бастап таза ауада бетперде кимей жүруге рұқсат етті.

Бұл ел тұмшаланып жүруді былтыр наурыз айында міндеттеген. Бірақ жазда шектеу жеңілдетіліп , кейін эпидахуалдың ушығуына байланысты тәртіп қайта енгізілген. Енді вакциналау басталғаннан бері індеттің беті қайта бастады. Күн сайын анықталатын науқас саны 300-ге жетпейді.

Ираклий Гарибашвили, Грузия Премьер-министрі:

Бүгіннен бастап таза ауада маска тағу міндеттелмейді. Қоғамдық көлік пен жабық бөлмелерде бұл шектеу әлі күшінде қалады. 1 шілдеде коменданттық сағат алынып тасталады. Ал екі аптадан кейін Грузияға бір миллион вакцина жеткізіліп, елде вакциналаудың белсенді кезеңі басталады.

Хабар 24 телеарнасы