Невада штатында құрғақшылықтан Мид көлінің суы азайып кетті

АҚШ-тың Невада штатында құрғақшылықтан Мид көлінің суы азайып, елдің батысындағы көп ауданға кері әсерін тигізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Гувер су бөгетімен құрылған көл Лос-Анджелес, Сан-Диего, Тусон, Финикс және Лас-Вегас қалаларындағы 25 миллион адамды сумен қамтамасыз етеді. Алайда қуаңшылықтан оның деңгейі 2020 жылдан бері 43 метрге түсіп кеткен. Мамандар көл 20 жыл бұрын 95%-ке толып жатса, қазір 35%-ке дейін ғана жететінін айтады. Осыған байланысты АҚШ үкіметі тамыз айында Мид көліндегі ресми түрде су тапшы деп жариялап, тұтынушылардың пайдалануына шектеу енгізуі мүмкін. Құрғақшылықтан АҚШ-тың батысындағы штаттарда орман өрті де көбейген.