АҚШ-тың бірнеше штатында торнадодан оннан аса адам қаза тапты

АҚШ-тың бірнеше өңірі жойқын торнадның зардабын тартуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апаты Иллинойс, Айова, Миссури, Чикагода ойран салған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, дауылдан жол апаттары жиілеп кетті. Салдарынан оннан астам адам қаза тапты. Жарақат алғандар да бар. Қатты желден мыңдаған ағаш құлап, жүзден астам баспана қирады. Екпінді жел аймақтағы электр сымдарын үзіп жүздеген тұрғынды жарықсыз қалдырды. Төтенше жағдай қызметінің мамандары апаттан келген шығынды есептеп, тазарту жұмыстарын бастап кетті. Ал, синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Айтуынша, алдағы уақытта жаңа торнадо пайда болуы мүмкін.