424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пандемия кезінде 5 млн адам миллионер атанған

  • 119
  • UPD: 09:41, 23.06.2021
Пандемия кезінде 5 млн адам миллионер атанған rg.ru

Тарихта бірінші рет әлем халқының 1%-дан астамы миллионер болды, қазір олар әлемдегі барлық ақшаның 45,8% басқарады.

Бұл туралы Швейцарияның Credit Suisse халықаралық қаржы компаниясының есебінде айтылған. Және мұнда миллионерлердің көбеюіне пандемияның ықпалы жазылған.

Зерттеуге сәйкес, 2021 жылдың басында әлемде 56,1 ммлн миллионер пайда болды, осылайша тарихта алғаш рет азаматтардың бұл санаты бүкіл әлем халқының 1% асты.

Жаңа миллионерлердің саны мына 6 елде көп:

АҚШ – 1,73 млн

Германия – 633 мың

Австралия – 392 мың

Жапония – 390 мың

Франция – 309 мың

Британия – 258 мың

 

 
Хабар 24 телеарнасы