Мексика түрмесінде тәртіпсіздік болып, алты адам көз жұмды

Мексиканың Табаско штатындағы түрмеде болған тәртіпсіздік салдарынан алты адам қаза тапты.

Оқиға кезінде тағы 16 адам жараланған, деп хабарлады El Financiero.

Тәртіпсіздікке түрмені бақылауға қатысы бар қарсылас топтар арасындағы дау себеп болған.

Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция, прокуратура және ұлттық гвардия жұмыс істеп жатыр.