Сеул мұражайында робот қызмет ететін болды

Оның көмегімен экспонаттарды үйден шықпай-ақ қарауға және гидке сұрақтар қоюға болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жасанды ақылға негізделген құлтемірді сынау 29 маусымда басталады. Оны алғаш болып онкологиялық орталықтың жанындағы мектеп оқушылары пайдаланады. Келесі жылы виртуалды көрмелер мүмкіндігі шектеулі жандарға, Кореяның арал және шалғайдағы ауылдық аймақтар тұрғындар үшін ұйымдастырылады. Кейін роботты кеңінен қолдану көзделіп отыр. Қазір карантиндік шектеулерге байланысты олардың саны шектеулі, мұражайда экскурсиялар күніне 3-4 рет тек алдын ала жазылу арқылы өткізіледі. Виртуалды турдың ұзақтығы 30 минуттан бір сағатқа дейін. Ақылды машина шамамен 4 сағат үздіксіз жұмыс істей алады. Кореяда роботтар көбіне ауруханалар мен университеттерде қолданылады, бірақ мұражай немесе өнер галереясында алғаш рет пайдаланылғалы отыр.

О Джи Ён, Сеул тарих мұражайының тәлімгері:

- Робот алғаш рет халықаралық алмасу шеңберінде Чехияға арналған көрменің ашылуы кезінде қолданылды. Чех мұражайының директоры Кореяға келе алмады, бірақ көрмеге қатысты. Роботтың көмегімен біз сөйлесіп, көрме ашылардан бір күн бұрын барлық экспонаттарды тексердік. Машина кеңістік пен уақытқа қарамастан қазіргі жағдайда халықаралық алмасу мүмкін екенін көрсетті.