Диана ханшайымның апаттан кейінгі соңғы сөзі белгілі болды

Диана ханшайымның соңғы сөздері туралы Париждегі апат орнына бірінші бірі болып барған өрт сөндіру бөлімінің басшысы айтты, деп хабарлайды «Хабар 24» wi-fi.ru сілтеме жасап.

Апат Альма көпірінің алдындағы автокөлік туннелінде болған. Сержант Ксавье Гурмелона қайғылы оқиға орнына келгенде ханшайымның тірі болғанын, қимылдап, сөйлей алғанын жеткізді.

Ол «Құдайым-ау, не болды?» деп ер адамнан ағылшынша сұраған.

Оның айтуынша, бұған дейін ол бұл туралы тек полицияға айтқан. Себебі апатқа ұшыраған әйелдің ханшайым екенін бірден білмеген. Кейін әйелдің кім екенін оған полиция капитаны хабарлаған.

Еске сала кетейік, Диана қайтыс болған жол-көлік оқиғасы 1997 жылы 31 тамызда болды. Жүргізуші Анри Поль мен оның серігі Доди аль-Файед бірден қайтыс болған, ал ханшайым Сальпетрьер ауруханасына жеткізіліп, екі сағаттан кейін көз жұмды.

Ал жуырда Диананың ұлы, Ұлыбритания ханзадасы Гарри мен Меган Маркл қызды болды.

Сондай-ақ...