БАӘ туристерге вакцинаны тегін салып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктерінде туристерді коронавирусқа қарсы тегін вакциналау басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Рейтер» ақапараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл шара осы елдің астанасы Абу-Даби қаласында қолға алынды. Саяхатшылар қытайлық Sinofarm компаниясы мен Pfizer-BioNTech бірлестігінің екпесін ала алады. Бірақ вакцинаны туристік визасы бар немесе оны алу құқығына ие туристер ғана салдыра алады.