Мәскеуде кейбір қоғамдық тамақтану орындарына вакцина алғандар ғана кіреді

Мәскеуде кейбір мейрамханалар коронавирусқа қарсы вакцина алған азаматтарға ғана есік ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен аптада жарияланған «COVID-19-дан еркін аймақ ережесі» маусымның 28-і күні күшіне енуі керек. Бірақ бірқатар тамақтану орны бұл тәртіпті ерте енгізуге кірісіп кеткен. Жаңа ережеге сай мейрамхана мен дәмханаларға вирусқа қарсы егілген немесе дерттен 6 ай бұрын жазылып шыққан, я болмаса соңғы 72 сағатта ПТР-тест тапсырғаны жайлы анықтамасы бар адамдар ғана кіре алады.

Николай Барабанов, мейрамхана менеджері:

- Егер адам толық вакциналанған болса, QR-кодты сканерден өткізген кезде «жасыл» түс жанады. Онда ешбір жеке мәлімет болмайды. Тек аты-жөнінің бас әріптері мен төлқұжаттың алғашқы екі және соңғы үш саны көрсетіледі. Бұл алаяқтыққа жол берілмес үшін жасалған. 

Сондай-ақ...