БҰҰ: Қырғи-қабақ елдер ядролық қару қолдануы мүмкін

Бірікккен ұлттар ұйымында үрей күшейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Әлемде қырғи-қабақ елдер бар, соғыс өртінің тұтануы да ықтимал болып тұр. Тіпті ядролық қару қолдану қауіпі күшейді», - депті беделді ұйым өкілі.

Ұйым бас хатшысының орынбасары Идзуми Накамицу: «Қазір жауапкершіліктің сыналар шағы және оған әр елдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі стратегиясы сәйкес келуі керек. Ядролық қаруға көп мән берілуі әлгі күдікке себеп», - депті. Сарапшылардың өз қисыны бар. Әлгі қырғи-қабақ елдер кикілжің ушыға түскенде бір-бірінің әрекетін дұрыс бағамдай алмай қалса, әлем үлкен апатқа душар болады дегенді алға тартады.Тығырықтан шығар жол біреу. Әрі ядролық қақтығысты болдырмаудың ең тиімді жолы. Ол – алпауыт елдердің жойқын қаруларды жою туралы келісімі. Үмітке жетелейтін сол келісім екенін сарапшылар да мойындайды. Біріккен ұлттар ұйымы да мақұлдайды.

Сондай-ақ...