Перуде жер сілкінісі тіркелген елді мекенде 251 мың адам тұрады

Бүгін Перу жағалауында қуаты 5,8 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың айтуынша, жерасты дүмпудің эпиорталығы Мала қаласынан 10 шақырым жерде, 50 шақырым тереңдікте орналасқан. Зілзала ел астанасы Лимада да сезілді. Апат болған елді мекенде 251 мың адам тұрады. Жер сілкінгенде үрейі қашқан тұрғындар сыртқа шыға бастаған. Зардап шеккендер мен адам шығыны жайлы ақпарат түскен жоқ.

Сондай-ақ...