Торнадо Монреаль тұрғындарын әбігерге салды

Жойқын торнадо Канаданың Монреаль қаласының маңында да ойран салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздері бір адамның мерт болғанын хабарлайды. Тағы бірнеше тұрғын жарақат алған. Желдің жылдамдығы сағатына 220 шақырымға дейін жеткен. Табиғаттың тосын мінезінен тұрғын үйлердің шатыры ұшып, ағаштар құлап қалған. Жергілікті билік апаттан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсетіледі деп уәде етіп отыр.

Жергілікті тұрғын:

- Біз тұратын жерде бұрын торнадо болмаған. Сол себепті табиғат апатты жергілікті халық үшін күтпеген жағдай болды. Не істерімізді білмей дал болдық.