Ауғанстанда үш айда 130 мыңнан астам адам үйлерін тастап кеткен

Ауғанстандағы қарулы қақтығыстар мен лаңкестік салдарынан тек соңғы үш айда 130 мыңнан астам адам үйлерін тастап кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24» aa.com.tr сілтеме жасап.

Бейбіт тұрғындар елдің қауіпсіз аймақтарынан пана іздейді.

Биліктің ақпараты бойынша, 2020 жылы ішкі қақтығыстардан 100 мың ауған босып кеткен. Олар көбіне шатырлы лагерьлерде тұрып жатыр.