Әлемде пандемия кезінде жаңалықтарға деген сенім артқан

Әлемде коронавирустық пандемия кезінде жаңалықтарға деген сенім артқан.

Бұл туралы Reuters институтының 92 мыңнан астам тұтынушыға жүргізілген сауалнамаға негізделген жылдық есебінде айтылған.

Финляндия жаңалықтарға деген сенім деңгейі ең жоғары ел болып табылады(65%), ал қазіргі уақытта АҚШ ең төменгі сенім деңгейіне ие (29%).

Бірқатар елдерде, әсіресе, мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары мықты және тәуелсіз елдерде сенімді жаңалықтар брендтерінен ақпарат тұтынудың өсуі байқалады. Зерттеуде айтылғандай, теледидар жаңалықтары кейбір елдерде жоғары қарқын көрсетті.

Ал Facebook жалған ақпарат таратудың негізгі арнасы ретінде қарастырылады. Жалпы, қазіргі кезде адамдардың 73%-і жаңалықтарды смартфондары арқылы алады.