Коронавирустың үнділік штамы әлемді әбігерге салуда

Соңғы күндері әлем елдерін коронавирустың үнділік түрі әбігерге салып жатыр.

Дельта штамының белең алғаны сонша бүгінде ол 90-нан астам мемлекетте тіркелді. Мәселен, Мәскеу қаласында емханаға түскендердің 90 процентінде үнді штамы табылған. Осыған байланысты жергілікті билік қатаң шектеу шараларын енгізді. Енді келесі аптадан кафе-барларға тек вакцина алғандар ғана кіргізіледі. Тіпті кей азаматтарға екпе салу міндеттеледі. Коронавирусты жеңді деген Израильде де жағдай мәз емес. Кеше бұл елде 125 адамнан қауіпті инфекция анықталды. Дені балалар. Мамандардың сөзінше, бұған сырттан келген штамм себеп.

Нафтали Беннет, Израиль Премьер-министрі:

- Қолда бар деректерге сүйене отырып, елдегі жағдайды індеттің жаңа толқыны ретінде қарастырып отырмыз. Енді мейлінше тезірек оның алдын алуымыз қажет. Осыған байланысты коронавирус бөлмелерін қайта ашу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар әуежайға келген әр адам маскамен жүруге міндеттеледі. Ал сырттан келген азаматтар ПТР-тест тапсырулары қажет.   

Үнді штамы АҚШ-та да белең алған. Қауіпті дерт Құрама Штаттардың барлығында дерлік тіркелген. Салдарынан жағдайы оңала бастаған аймақтарда қайтадан вирус жұқтырғандар қатары көбейіп кетіпті. Соңғы бірнеше аптада коронавирустың осы түріне шалдыққандар қатары екі есеге артып кеткен.

Сондай-ақ...