Пәкістанда бомба жарылысынан 3 адам қаза тапты

Пәкістанның Лахор қаласында бомба жарылып, 3 адам қайтыс болды.

Тағы 14 кісі жарақат алды. Сонымен қатар, жойқын жарылыстан әйнектер сынып, ғимаратқа зақым келген. Қазір оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр. Тәртіп сақшылары осы іске қатысты тергеу амалдарын бастады.