АҚШ-та көпір опырылып, бес адам зардап шекті

Вашингтонның солтүстік шығысында жаяу жүргіншілерге арналған көпір қирап, 5 адам жарақат алды.

Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға түсті. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, көпір 295-ші авто-магистраліне құлаған екен. Тергеушілер көпірге алдымен жүк көлігі соғылғанын айтады. Мамандар қирандылар астында бірнеше көліктің бар екенін айтады. Апаттан бір көліктен  дизельді отын жылыстай бастаған. Құтқарушылар мен мамандар жұмысын жалғастырып жатыр. Оқиға орны жұма күнге дейін жабық болмақ.