Австралияда «дельта» штамына байланысты шектеу шаралары күшейтілді

Сиднейде Дельта штамын жұқтырғандардың күрт көбеюіне байланысты шектеу шаралары күшейтілді.

Тұрғындардың себепсіз қала сыртына шығуына тыйым салынады. Азаматтар маска тағу режимін қатаң сақтауы тиіс. 5 адамнан артық қонақ шақыруға да болмайды. Аймақта «дельта» штамын жұқтыру деректері өткен аптада тіркелген еді. Бүгінде ковидтің жаңа түріне шалдыққандар қатары 30-дан асады.