Эфиопияда әуе шабуылынан 50-ден астам адам мерт болды

Эфиопияның Тыграй ауданына жасалған әуе шабуылынан 51 адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атыс-шабыстан тағы шамамен 100 тұрғын түрлі жарақат алған. 33 адам із-түзсіз жоғалғандардың қатарында. Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жарылыстар адам көп шоғырланған аймақта ұйымдастырылды. Жергілікті билік бұл әрекеттің оппозиция күштерінің қолынан жасалғанына сенімді.