424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ДДСҰ коронавирусқа қарсы вакциналарды балаларға салуға болатынын айтты

  • 108
  • UPD: 10:54, 24.06.2021
ДДСҰ коронавирусқа қарсы вакциналарды балаларға салуға болатынын айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы вакциналарды балалар мен жасөспірімдерге салуға болатынын мәлімдеді.

Бұл туралы ұйымның жаңартылған нұсқаулықтарында айтылған.

Балалар мен жасөспірімдердің коронавируспен әдетте жеңіл түрде ауыратыны атап өтілген. Сондықтан егде жастағы адамдарға, созылмалы аурулары бар адамдарға және денсаулық сақтау мамандарына қарағанда оларды аса жедел түрде вакцинациялауды ұсынбайды.

Хабар 24 телеарнасы