Аниматор «Том мен Джерриді» аниме стилінде салып шықты (видео)

Бразилиялық аниматор және суретші Жоао Леал «Том мен Джерри» қысқаметражды мультфильміндегі кейіпкерлерді аниме стилінде салды, деп хабарлайды «Хабар 24» sntch.com сілтеме жасап.

Ол сондай-ақ қысқа ремейк жасап шығарды, онда тышқан жауға қарсы күреседі. 

Сюжетте Джерри бұдан былай оны ешқашан қуып жете алмайтынын айтады. Және кадрда Спайк пайда болады. Бұдан кейін не болғанын өз көзіңізбен көргеніңіз жақсы, бірақ соңында Джерри «үйдегі барлық ірімшік қазір оған тиесілі» дейді.