424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грекиялықтар аптап ыстықта маскасыз жүре алады

  • 136
  • UPD: 16:07, 24.06.2021

Грекияда енді 40 градус аптап ыстықта тұрғындар сыртта маскасыз жүре алады.

Жергілікті билік ауа температурасының ысуы мен аймақтағы эпидахуалдың оңалуына байланысты осындай шешім қабылдады. Ереже бүгіннен бастап өз күшіне енді. Дегенмен тұрғындар ғимарат ішінде, кеме, ұшақ пен өзге де қоғамдық көліктерде бетперде тағып жүруі шарт. Міндетті түрде маска тағу режимі былтыр қараша айында қабылданған еді. Талапқа бағынбаған тұрғындар айыппұл төлеуге мәжбүр болды. Келесі карантиннің жеңілдеуі маусымның 28-іне жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы