Пуэрто-Рикода жағажайлардағы адамдарға вакцина салына бастады

Пуэрто-Рикода адамдарға жағажайларда да вакцина салына бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, дәстүрлі мерекеге орай демалушылар қарасы көбейген. Сондықтан мұндай жерлерде екпе егетін орындар ашылды. Жалпы 3,3 миллион халқы бар бұл елде тұрғындарды вакциналау қарқынды жүріп жатыр. Қазірге дейін АҚШ басқаруындағы аралды елде халықтың 1 миллион 600 мыңға жуық тұрғын толықтай егілген.

Арманда Ривера, дәрігер:

- Таңертеңнен бері сағат 11-ге дейін 50-ге жуық адам вакцина салдырды. Жаңалықтарда көп кері ақпар болғанына қарамастан тұрғындардың көбі Johnson & Johnson екпесін сұрап жатыр. Соған таң қалып отырмыз. Бұл бір қызық жайт болды.

Сондай-ақ...