Майамиде көп қабатты ғимарат жартылай қирап қалды

АҚШ-тың Майами қаласында көп қабатты тұрғын үйдің бір бөлігі қирап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға шаһардағы танымал жағажайға жақын жерде болды. Апат орнында ондаған өрт сөндіруші мен 80-ге жуық техника жұмыс істеп жатыр. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Бірақ куәгерлер қирандылар астында адамдардың дауысын естігенін атады. Жақын маңдағы үйлерден тұрғындар эвакуацияланып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.