Үндістанда алғаш рет науқас «Дельта+» штамынан қайтыс болды

Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында алғаш рет науқас «Дельта+» штамынан қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, марқұм коронавирусқа қарсы екпе салдырмаған. Ал вирустың бұл түрін жұқтырған өзге 4 науқас вакцина алғандықтан жазылып шыққан. Қазір олармен байланысқа түскендер тексеріліп жатыр. Үндістанда қазірге дейін «Дельта+» штамы 40 адамнан анықталған. Ғалымдар коронвирустың бұл түрі өте жұқпалы дегенді айтады.