Чилидегі Томе қалашығының жағажайында су арыстандары қаптады

Чилидің Томе қалашығындағы жағажайда аяқ астынан су арыстандары қаптап, тұрғындар мәз-мейрам болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік су жануарларының кенеттен көбею себебін білмей әлек. Балықшылар да су арыстандары балық аулауға кедергі бола ма деп алаңдайды. Мамандар су жануарлары косаткалардан қашып келуі мүмкін немесе жақын өңірлерде күшейген дауылдан қорғанып келуі мүмкін деп отыр.