423,92 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Балқан елдерінде аптап ыстық орнады

  • 106
  • UPD: 23:30, 24.06.2021
Балқан елдерінде аптап ыстық орнады

Әлемнің кей елдерінде күн қатты ысып, табиғат апаттары жиілеп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Балқан аймағы елдерінде ауа температурасы күрт көтерілген. Сараево қаласында сынап бағанасы 38-ге жетіп, жергілікті билік аптап ыстықтан төнген қауіпті «сарғылт» түске дейін көтерді. Сербияда аномальды ыстықтан дәрігерлердің көмегіне жүгінген тұрғындар көбейген. Ауа райын болжаушылар алдағы күндері күн одан әрі ысыйтынын ескертіп жатыр.

Зоран Иванчич, Сараево тұрғыны:

- Көшеге шығып, адамдармен араласып, індеттің үшінші толқынынан есімізді жинап жатыр едік. Енді күн ысып, әбігерге түстік. Ауа райының күрт өзгеруі көп қиындық туғызатыны белгілі.

Ал АҚШ-тың батысындағы Сан-Диего округінде аптап ыстықтан орман өртене бастады. Қазірге дейін лаулаған жалын 100 гектар жерге тарап үлгерген. Жергілікті билік апат аймағынан тұрғындарды эвакуациялауды қарастырып жатыр. Синоптиктер Калифорния, Орегон және Вашингтон штаттарында күн қазіргіден бетер ысып, орман өрті жиілеуі мүмкін деп ескертеді. Билік табиғат апатынан халықты электр энергиясымен қаматамасыз етуде қиындықтар туындайтынын айтады.

Хабар 24 телеарнасы