424,60 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чехияда торнадо салдарынан 300 адам жараланды

  • 123
  • UPD: 11:37, 25.06.2021

Чехияның оңтүстік-шығысындағы 7 елді мекен мен Годонин қаласында жойқын торнадо ойран салды. 

Табиғат апатынан шамамен 300-ге жуық адам зардап шекті. Бір тұрғын мерт болған. Аймақта соққан алапат құйыннан ғимараттар мен көшеде тұрған көліктер зақымдалды. Кей жерлерде екпінді желмен бірге бұршақ жауған. Салдарынан электр желілері үзіліп, 100 мыңнан астам адам жарықсыз қалды. Жергілікті билік табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен өңірлерде төтенше жағдай жариялады. Мамандар апат шығынын есептеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы