Испанияда көшеде маска тақпайтын болды

Испанияда  ертеңнен бастап көшеде бетперде тағып жүру тәртібі алып тасталатын болды. Бірақ адамдар 1 жарым метрлік арақашықтық сақтауы тиіс.

Егер бұл мүмкін болмаса бетперде киіп қорғануы тиіс. Бұдан бөлек қоғамдық көліктер мен дүкендерде де шектеу сақталады.

Айта кетейік, Испанияда бетперде тағып жүру тәртібі індет таралғаннан бері қолданылып келеді. Тәртіпті бұзғандарға 100 еуро көлемінде айыппұл салу қарастырылған. 

Каролина Дариас, Испания денсаулық сақтау министрі:

- Біз бетперде тағып жүру тәртібін жеңілдету туралы шешім қабылдадық. Бірақ тұрғындар 1 жарым метрлік арақашықтық сақтауы тиіс. Бұл вирус жұқтырудан сақтауға жеткілікті деп ойлаймыз.

Сондай-ақ...