Қытайда әскери өнер орталығындағы өрттен 18 адам қаза тапты

Қытайдың Хэнань провинциясындағы Шанцю қаласында әскери өнер орталығында болған өрттен 18 адам қаза тауып, 16 адам жарақат алды.

Өрт себептері әзірге белгісіз. Өрт кезінде орталықта қанша адам болғаны да айтылмады.

Зардап шеккендердің барлығы қажетті медициналық көмек алу үшін ауруханаларға жеткізілді. Төрт адамның жағдайы ауыр, 12 адам жеңіл жарақат алған.

Сондай-ақ...