424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сингапур халқы Қытайда шығарылған вакцинаны алуға ұзын кезекте тұр

  • 83
  • UPD: 09:48, 25.06.2021
Сингапур халқы Қытайда шығарылған вакцинаны алуға ұзын кезекте тұр

Сингапурда тұрғындарды Қытайдың «Синовак» компаниясының вакцинасымен егуге рұқсат етіліп, клиникаларда ұзын сонар кезек пайда болды.

Тіпті дәрігерлер адамдар екпе үшін таңсәріден келіп кезекке тұрып жатқанын айтады. Кей емдеу орындарына алғашқы күні жүздеген адам тіркеліп қойған. Сингапурда «Пфайзер-Байонтек» пен «Модерна» вакцинасын қолдануға рұқсат етілген. Елде коронавирусқа қарсы екпенің бірінші дозасын қазірге дейін халықтың жартысы алған. Билік қытайлық екпе вакциналау науқанын күшейтеді деп отыр. 

Леонг Хо Нам, дәрігер:

- Қытайлық вакцинаны егуге рұқсат беріле салысымен клиникаға қоңырау шалушылар көбейді. Қазірдің өзінде екпе алуға жүздеген адам тіркеліп қойды.

Хабар 24 телеарнасы