423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Канадада мектеп-интернат орнынан 750 баланың мәйіті табылды

  • 98
  • UPD: 11:36, 25.06.2021

Канадада бұрынғы католик мектеп-интернат болған аумақта 750 баланың мәйіті табылды.

Қаза тапқан оқушылардың мәйіті алғаш рет табылып жатқан жоқ.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, 19-ғасырдың соңында салынған мекемеде байырғы халықтың балалары оқыған екен. Ғимарат Канада билігі мен діни ұйымдардың бақылауында болған. Сол кезде мұндай мекемелердің 130-дан астамы тұрғызылды. Алайда олар жөнді қаржыландырылмаса керек. Салдарынан оқушылар дұрыс тамақтанбай, аштық пен түрлі инфекциядан көз жұмған. Оларды ұрып соғу деректері де жиі кездесетін.

Хабар 24 телеарнасы