Әлемдегі әр екінші адам смартфон пайдаланады

Әлемдегі әр екінші адам смартфон пайдаланады
РИА Новости

Strategy Analytics компаниясы ағымдағы жылдың маусым айында смартфондардың әлемдік нарығында айтулы оқиға болғанын хабарлайды: жер шары тұрғындарының жартысы ұялы телефонды пайдаланады, деп хабарлайды «Хабар 24» 3dnews.ru сілтеме жасап.

Алғашқы коммерциялық смартфон 1994 жылы шыққан IBM Simon құрылғысы болды. Содан кейін Nokia 9110 Communicator (1998) және Ericsson R380 (2000) сияқты танымал модельдер пайда болды.

Смартфондардың жұлдызды сәті 2007 жылы алғашқы iPhone құрылғысы шыққаннан кейін және 2008 жылдың қыркүйегінде пайда болған Android операциялық жүйесінен басталды.

1994 жылы әлемде тек 30 мыңға жуық адам смартфон пайдаланған. 2012 жылы олардың қатары 1 млрд-қа өсті. Ал қазір жердің әрбір екінші тұрғынында смартфон бар.