Үнділік штамм бүкіл дүние жүзіне таралуы мүмкін

Үндістанда шыққан коронавирустың «дельта» штамы өзгелерге қарағанда өте жылдам тарайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осыған алаңдаулы. Ұйымның ғылыми қызметкерінің айтуынша, вирустың бұл түрін жұқтырған науқас инфекцияны сегіз адамға дейін таратуы мүмкін. Тіпті штамм көп ұзамай «британдық штамм» сынды жер-жаһанда кең етек жаюы ықтимал деген болжам бар. Қазірдің өзінде вирустың үндістандық дельта түрі әлемнің 92 елінде тіркелген. Сарапшылар індетің ауыр түрінен сақтану үшін вакцинаның тиімділігін ескертіп отыр.