Виртуалды жер телімі шамамен 1 млн долларға сатылды

Decentraland атты ойын метаәлеміндегі виртуалды жер 913 230 долларға сатылды.

Нысан 259 ойын ішіндегі цифрлық аймақтан тұрады. Жылжымайтын меншіктің жалпы ауданы 66 304 виртуалды шаршы метрді құрады. Жерді Republic Realm жылжымайтын мүлік инвестициялық қоры сатып алды.

Виртуалды әлемдегі блокчейнге негізделген жылжымайтын мүлік 2021 жылдың басында күрт қымбаттай бастады.

Decentraland – бұл өзіндік MANA атты валютасы бар метаәлем. Мұнда ойыншылар жылжымайтын мүліктерді, өнер туындылары мен түрлі қызметтерді сатып ала алады.

Ақпарат көзі: krisha.kz