Ауғанстанда 5,1 балдық жер сілкінісі тіркелді

Ауғанстанның Кабул және басқа да қалаларында жер сілкінді, деп хабарлайды «Хабар 24» ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ауғанстанның табиғи апат салдарын жою қызметі өз кезегінде жер сілкінісінің эпицентрі елдің солтүстік-шығысындағы Гиндукуш тау жүйесінде болғанын, ал ошақ 18,6 км тереңдікте жатқанын хабарлады.

Сейсмикалық сілкіністер Кабулдан басқа Паруан провинциясының әкімшілік орталығы саналатын Чарикар қаласында және бірнеше қалада да сезілген.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Сондай-ақ...