Тотықұс иесінің алқасындағы 21 гауһартасты жұтып қойды (фото)

Таиландтың Бангкок қаласында Форести атты тотықұс иесінің әшекейлер салатын қобдишасын тауып алып, ішіндегі алқаның 21 гауһартасын жұтып қойған, деп хабарлайды «Хабар 24» unian.net сілтеме жасап.

Ветеринарлар құстың асқазанынан қымбат тастарды тауып, жалпы анестезия арқылы оның асқазанынан алып шықты.

Бриллианттардың әрқайсысының салмағы шамамен 0,2 карат болған. Тотықұс 1 апта уақытын ауруханада өткізеді.

«Бұл құстарды жылтыр заттар қызықтырады. Біз мұндай жағдайларға жиі кезігеміз, бірақ бұл ерекше жағдай, өйткені тотықұс көп жеп қойған», – деді аурухана қызметкері.