Чехияда сабақ үстінде 19 оқушы есінен танып құлаған

Чехияның батысында орналасқан Соколов қаласындағы орта мектепте таңертең сабақтың үстінде 19 оқушы бірінен соң бірі есінен танып қалған, деп хабарлайды «Хабар  24» ria.ru сілтеме жасап.

Қазір оқиға орнында дәрігерлер мен полиция қызметкерлері және өрт сөндірушілер жұмыс жасауда. Олар оқушылардыі неден уланғанын анықтап жатыр.

«Өрт сөндірушілер мектеп ғимаратында газдың барын анықтаған жоқ. Барлық студент дәрігерлердің бақылауында, олардың ешқайсысының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - деді қала басшысы.