Америкалық компания ғарышқа ұшуға тапсырыс қабылдауды бастады

Space Perspective компаниясы Neptune One кемесімен ғарышқа ұшуға тапсырыс қабылдауды бастады, деп хабарлайды «Хабар 24» turizm.ru сілтеме жасап.

Алғашқы ұшу уақыты 2024 жылдың соңына жоспарланған. Құны – бір жолаушыға 125 000 доллар. Тіркелу үшін сіз 1000 АҚШ доллары көлемінде алдын ала салым салуыңыз қажет.

Туристерге арнайы дайындық керек емес. Алты сағаттық саяхат үлкен капсулада, яғни футбол стадионының көлеміндей Нептун ғарыш кемесінде өтеді. 

Жұмсақ ортопедиялық орындықтарға отырғызылатын жолаушылар ғаламшарды өз көздерімен көру үшін Жерден 30 500 км биіктікке көтеріледі. Капсула кеме командирі қосқанда 8 туристің ұшуына арналған. Кеме баяу қозғалып, саяхатшылар жерді көруге, суретке түсіруге мүмкіндік алады. Және капсулада Wi-Fi-да қарастырылған.