АҚШ: апат кезінде көз жұмғандар саны артуы мүмкін

АҚШ-тың Майами-Дейд округінде жартылай құлап қалған көп қабатты үйде іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар үйінділер астынан бір баланы тапты. Бұған дейін құтқарушылар қиранды астынан 53 адамды шығарғаны хабарланған. Бір адам опат болған. Билік апат кезінде көз жұмғандар саны артуы мүмкін екенін айтады. 1981 жылы салынған тұрғын үйдің қирауына не себеп болғаны әлі белгісіз.