Ресейде орман өрті басылмай тұр

Ресейдің Сібір аймағында орман өрті басылмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Керісінше, аптап ыстықтан соңғы бір күнде тағы 30-ға жуық өрт ошағы тіркелген. Лаулаған жалын аумағы 20 мың гектарға ұлғайды. Тілсіз жаумен жүздеген өрт сөндіруші күресіп, арнай техника қолданып жатыр. Қазірге дейін 14 өрт ошағы сөндірілген. Билік елді-мекендерге қауіп төніп тұрмағанын айтады.