424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда бірнеше провинцияны сел шайып кетті

  • 148
  • UPD: 23:08, 25.06.2021
Түркияда бірнеше провинцияны сел шайып кетті

Түрік елінің бірқатар провинцияларында соңғы бір аптада ауа-райы күрт бұзылып, төтенше жағдайлар мамандарын тік тұрғызды.

Егей аймағында соққан қатты дауыл ғимарат шатырларын ұшырып, ағаштарды құлатты. Аймақтың Назилли ауданында лай көшкіні болып, қозғалысты тоқтатты. Ел астанасы Анкара мен Ескишехиде нөсер жаңбыр салдарынан қала көшелері мен көліктер су астында қалды. Елдің төтенше жғдайлар басқармасы осыған дейін өңірде дауылды ескерту жариялаған еді. Жергілікті мамандардың айтуынша, нөсерлі жауын-шашын алдағы аптада жалғасады. Сондықтан мамандар тұрғындар сақ болуға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы